Өңірлер

СҚО-да бидай өндірушілерді біріктіру арқылы фермерлерді қаржыландырудың жаңа кестесі таныстырылды

Еліміздің солтүстік облыстарында егін ору жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Осы орайда аталған науқанның БАҚ беттерінде қалай және қаншалықты жарияланып жатқаны туралы мәселені СҚО журналистері Шал ақын ауданында өткен арнайы семинар-кеңесте талқылады. «Бас редакторлар» клубы мен ҚазАгро» ұлттық холдингі ұйымдастырған көшпелі жиын барысында тілшілер ору жұмыстарын өз көздерімен көріп қайтты.
Солтүстік Қазақстан28 Тамыз , 16:01

Семинар-кеңеске қатысушылар алдымен астығы жайқала өскен егіс танаптарында болып, күзгі орақтың атқарылу барысымен танысты. Аудан әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары Науқан Таласбаев 185 мың гектар дәнді және 17,5 мың гектар майлы дақылдарды ысырапсыз жинап алуға 150-ге жуық шаруашылық құрылымдары жан-жақты әзірлікпен келгенін, 563 комбайн, 305 жатка жұмылдырылғанын жеткізді.

«Лада «ЖШС-нің жетекшісі Владимир Пафов егін орағын тиімділікпен өткізу тәжірибесімен бөлісті. Ол 2500 гектар алқапқа теріскейдің ауа райына төзімді, тез пісетін, өнімділігі жоғары бидайдың «Омская-36» тұқымы егілгенін айта келіп, 4 танапты ауыспалы егіс жүйесінің артықшылықтарына тоқталды. Былтыр өнімділік 30-40 центнерден айналғанымен, күрделі ауа райы біраз қолбайлау болғанға ұқсайды. Биылғы шығымдылық та көңіл қуантады.

Осы жерде Ақжар ауданынан келген «Лұқпанов» ЖШС-нің басшысы Мұха¬меджан Лұқпанов әңгімеге араласып, топтаса білгеннің топшысы, біріккеннің білегі мықты келетінін нақты мысалдармен дәйектеп берді.

« «ҚазАгро» холдингі астық нары¬ғында сапалы өнім өндірудің, бәсекелестік қарымын арттырудың тиімді жүйелерін өндіріске енгізіп келеді. Солардың бірі – кооперация секілді бір шаңырақ астына топтасқан шаруашылықтарға қолайлы қаржылық мүмкіндіктер тудыруы дер едім. Бұған дейін жергілікті әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация бір гектар үшін 6 мың теңге бөліп келсе, енді оның көлемі 12 мың теңгеге дейін ұлғайып отыр. Соның арқасында 2 мың гектар алқапқа қайтарым пайызы 10 пайыз болатын 24 миллион теңге демеуқаржы алып, жалақы, жанармай шығындарын толық өтедім. Қаражаттың кепілдіксіз босатылатыны сұранысымыздың негізгі қызметтерге деген қолжетімділігін оң¬тайландырып, техникалық және тех¬нологиялық жағынан да жаңару мүм¬кіндігіне ие боламыз деген үмітіміз бар. Кооперацияға алдыңғылардың қатарында өткенім де сондықтан», – деді тәжірибелі диқан.

Әкімдіктегі алқалы басқосуда «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ төрағасының кеңесшісі Бауыржан Қасенов өңірдегі агроөнеркәсіп сала¬сының ырғақты дамуына мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан көмектер жайлы әңгімелеп берді. 2014 жылы холдинг 35,4 миллиард теңгенің қаржылық демеуін ұсынған. Биыл 32,4 миллиард теңге бағытталған. 137 миллиард теңгені құрайтын 45 жоба жүзеге асырылып, 950 жаңа жұмыс орындары ашылған. Көктемгі-күзгі науқандық жұмыстарды өз дәрежесінде өткізу мақсатымен 13,5 миллиард теңге бөлініп, 456 өтініш қанағаттандырылған. Алдағы уақытта да АӨК-тің индустриялық дамуы басым бағыт болып қала береді.

«Астық холдингі» облыстық филиବлының директоры Марат Ысқа¬қов «Дәнді дақылдар өндіру бойынша ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қаржыландыру бағ¬дарламасын іске асыру және шаруа¬шылық құрылымдарымен жасасқан шарттар бойынша міндеттемелерді орындау» тақырыбында баяндама жасап, кооперацияға 53 шаруашылық енгенін, олардың иелігіндегі жер 83693 гектарды құрайтынын, 719,5 миллион теңге демеуқаржы көрсетілгенін жеткізді.

 




Яндекс.Метрика