Ұлттық экономикамыздың жетекші күші - кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау

ОҚО-да бизнес форумның қорытындысы бойынша 14,5 млрд теңге тұратын жобалар жүзеге асты

Алматыда Оңтүстік Қазақстан облысы мен Алматы қаласы кәсіпкерлерінің бизнес форумы өтті. Шараға екі аймақтың 200-ге жуық кәсіпкері қатысып, экономикалық әріптестікті дамыту жөнінде 7 меморандумға қол қойды, деп хабарлады ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.
Оңтүстік Қазақстан30 Қазан , 12:35

«Келісімшарттың жалпы сомасы 14 жарым млрд теңге шамасында. Құрылыс мариалдарын шығару, дәрі-дәрмек, тамақ, тоқыма өндірісі саласы бойынша бірнеше жоба жүзеге асырылмақ. Ал, әкімдіктер кәсіпорындарға жер учаскелерін бөліп, оларды қажетті инфрақұрылымдармен қамтамасыз етеді», - деп хабарламада нақтыланған.

Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысында 15 индустриалды аймақтың құрылысы жүріп жатыр. Бұл жобалар өңірдің инвестициялық мүмкіндігін арттыруда. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі өкілдерінің айтуынша, жыл басынан бері бұл аймаққа шетелден 1 жарым млрд. доллардың инвестициясы тартылған. Ол қаржыға бүгінде 21 инновациялық жоба жүзеге асырылуда.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика