EXPO-2017

ШҚО-да шағын «EXPO-2014» өткізіледі

Шығыс Қазақстан облысында шағын «ЕХРО-2014» өткізу жоспарлануда, деп мәлімдеді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев энергетика үнемдеу, баламалы қуат көздерін игеруде жаңа технологияларды пайдалану мәселелері бойынша көрмені өткізу дайындығына арналған жиында.
Шығыс Қазақстан30 Қазан , 11:10

Облыс  басшылығымен кездесуге әл Фараби атындағы ҚазҰУ мен  Гумилев атындағы ЕҰУ-нің жоғарғы дәрежелі ғалымдары өздерінің жұмыстарын алып келіп таныстырды.

«ЕХРО-2017» халықаралық көрмесін өткізуге біздің еліміздің таңдалғаны анық. Сол себепті республикамыздың әр өңірінде, әсіресе шығыс Қазақстан аймағында жаңа технологиялар мен инновациялық жобаларды енгізу бойынша түрлі шаралар қолға алынды. Біздің мақсатымыз облысымызды осы көрмені өткізуде қозғаушы күшке айналдыру», - деді әкім өз сөзінде.

Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, Шығыс Қазақстан облысында 20 жел станциясы орнатылған. Алайда бұл қуат тапшылығын толықтай шешуге жеткіліксіз. Өңірдегі  тау өзендерінің саны 700-ден асады. Енді осыларды қуат көзіне айналдыруға болады. Осы мақсатта комиссияға жасыл экономика бойынша ұсыныс тасталмақ.

Облыс басшысы атап өткендей, комиссия өкілдері облыстық бюджеттен қолдау көре отырып теңдессіз ғылыми жұмыстар атқармақ.




Дерекнама

Яндекс.Метрика