EXPO-2017

ОҚО ғалымдары «ЭКСПО-2017» көрмесіне 15 жоба дайындауда

Шымкенттік ғалымдар Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесіне баламалы және жаңартпалы қуат көздерінің жаңа түрлерін ұсынбақ. Бұл туралы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінде өтіп жатқан халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда белгілі болды, деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы30 Қазан , 11:47

«Жиында ауылшаруашылығы, медицина және өнеркәсіпте биотехнологияларды дамыту, нанотехнологиялардың болашағы, экологиялық қауіпсіздік сияқты өзекті мәселелер талқыланып, шешімдері айқындалды», - делінген хабарламада.

Шараға Ресей, Украина, Өзбекстан, Польша, Оңтүстік Корея мемлекеттерінен және Қазақстанның әр түкпірінен ғалымдар қатысты.

«Қазіргі уақытта ұсынылып отырған 15 жобаның жалпы құны 600 миллион теңгеге жуық. Оны еліміздің Білім және ғылым министрлігі мен Технологиялық дамыту жөніндегі  ұлттық агенттігі қаржыландырып отыр. «Бұл ғылыми еңбектердің әлемде теңдесі жоқ, тиімділігі жоғары», -дейді оңтүстік қазақстандық ғалымдар.

Әсіресе, биогаз өндірудің арзан жолы шетелдік ғалымдардың қызығушылығын туғызып отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика