Евразиялық экономикалық кеңістік

Алматыда Еуразиялық экономикалық кеңістіктегі электроэнергетикадағы нарықтық қатынастардың даму болашағы талқыланады

«Power Kazakhstan», «Lighting Kazakhstan» мен «ReEnergy Kazakhstan» көрмелерінде алдыңғы қатарлы әлімдік компаниялар Қазақстанның энергетикалық кешенінің қажеттілігін өтейтін қондырғылар, технологиялар мен қызмет түрлдерін ұсынады.
Алматы қаласы30 Қазан , 10:55

Алматыда 29-31 қазан аралығында жыл сайынғы Қазақстандық Энергетика форумы өтеді. Форумның басты тақырыбы – «Еуразиялық экономикалық кеңістіктегі  электроэнергетиканың нарықтық қатынастардың  даму болашағы»,- деп хабарлайды форумның  баспасөз қызметі.

Ал қазақстандық «KEGOC» АҚ мен «Самұрық-Энерго» АҚ мемлекеттік компаниялары мамандары әлеуетті мердігерлерімен дәстүрлі түрде бірқатар кездесулер өткізелі», - делінген хабарламада.

«Қазіргі таңда кез келген елдің жасыл даму жолындағы экономиканың тұрақты дамуындағы басты қозғаушы күш қуат үнемдеуде жүйелі әдіс  қолдану мен  жаңартпалы қуат көздерін ашу болып табылады. Алдын ала бағалау бойынша, жаңартпалы қуат көздерінің сомалық көрсеткіші күннің көзінен жылына 2,5 млрд. квт/сағат, жел энергиясы 1 820 млрд. квт/сағат, кіші өзендер 7,56 млрд. квт/сағат қуат өндіруге қауқарлы.

 «Самұрық-Энерго» АҚ Жаңартпалы қуат көздері бойынша ірі жобаларды іске асыруға кірісті: Қапшағайдағы қуаттылығы 2 МВт-тық күш электроэнергостанциясы және Ерейментаудағы қуаттылығы 300 МВт-қа дейін жететін 45 МВт-тық жел энергостанциясы», - дейді «Самұрық-Энерго» АҚ-ның «СЭС мен ЖЭС» дивизионы бастығы, басқарма мүшесі Рүстем Мақұлбеков.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика