Конференция бағдарламасына аталмыш форум үшін арнайы әзірленген арнайы баяндамалар, кәсіпкерлік пен бизнес-білім саласындағы жаңа кітаптардың таныстырылымы, жарыссөздер мен пікір алмасулар енгізіліп отыр.
Конференцияның негізгі ұйымдастырушыларының бірі ретінде Халықаралық Бизнес академиясы жедел дамушы елдердегі кәсіпкерлікті және бизнестік білім беруді дамыту бағыттарын талқылауға арналған диалог алаңын жасауды мақсат тұтуда.
Конференцияны ұйымдастырушылардың қатарына сондай-ақ Еуропалық менеджмент дамыту қоры, «Атамекен» одағы» Қазақстанның Ұлттық экономикалық палатасы, Ресейдің бизнес-білім қауымдастығы, Орталық Азия менеджмент дамыту қоры жәрне Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы кіреді және олар алдыңғы қатарлы еуропалық және америкалық бизнес-мектептеріндегі кәсіпкерлік пен менеджментті зерттеудің танымал жетістіктеріне құрмет көрсете отырып, өскелең экономикалы елдердің даму жолдары мен кәсіпкерлік тәжірибесін, бизнестік білім беру үрдістерін, өскелең экономикалы мемлекеттердің дамыған елдермен өзара экономикалық ықпалдасу және әрекеттесу мүмкіндіктерін қатысушылар мен қонақтарға талқылауды ұсынады.