Инфрақұрылымды дамыту

ККМ КО автомобиль жолдарындағы қауіпсіздік жөніндегі стандарттар Техрегламентін әзірлеуге кірісті

Көліккомин «ҚазжолҒЗИ» АҚ-мен бірлесе отырып Кеден одағының «Автомобиль жолдарының қауіпсіздігі» техрегламентінің 11 мемлекетаралық стандарттарын әзірлеуге кірісті, деп Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы30 Қазан , 10:33

«Кедендік одаққа мүше елдерге Стандарттарды әзірлеу жөніндегі бағдарлама аясында барлығы 110 стандарт әзірлеуіне тура келеді. Оның ішінде ҚР-на 2015 жылдың аяғына дейін 11 стандартты әзірлеу және 99 мемлекетаралық стандарттарға талдау жасау тапсырылған», - деп хабарламада нақтыланған.

 «Автомобиль жолдарының қауіпсіздігі» кедендік одақ құрылғаннан бергі мақұлданған техрегламенттің алғашқыларының бірі. Бұған дейін Ресейде де, Беларусьте де мұндай техрегламент болмауына байланысты оның негізіне Қазақстанның қолданыстағы техрегламенті алынды», – ҚР ККМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Замир Сағынов деп атап көрсетті.

Атап айтқанда, Қазақстанға көпір құрылыстары, автомобиль жолдарын қыста күтіп-ұстау, автомобиль жолдарының геометриялық элементтері, бағдаршамдар, автожолдардың классификациясы және автомобиль жолдарының диагностикасы жөніндегі стандарттарды әзірлеуге тиіс.

Бүгінгі күнге «ҚазжолҒЗИ» АҚ-на экспертиза жасау үшін Беларусь пен Ресейден 60-тан астам стандарттар түсті.

Стандарттардың алғашқы редакциясын әзірлеу жұмыстары ағымдағы жылдың аяғына дейін аяқталмақшы.




Яндекс.Метрика