Ана мен баланы қорғау

Қазақстанның барлық өңірінде «Қамқоршы күні» аталып өтті

ҚР Білім және ғылым министрлігі «Әйелдердің шығармашылық бастамалары лигасы» ҚБ, «Бала дауысы» мен «Қазақстанның қамқоршылар кеңесі» ҚҚ-ның бастамасымен және республиканың барлық өңіріндегі жергілікті орындаушы органдардың қолдауымен «Балаларға жылу сыйла» ұранымен «Қамқоршы күні» мерекесі өтіп жатыр, деп хабарлайды БҒМ баспасөз қызметі.
Казахстан30 Қазан , 10:10

«Шараның басты мақсаты бала асырап алған отбасыларына алғыс білдіре отырып жетім балалар мен қамқорсыз қалған балаларды қадағалаудың баламалы жолын көрсету», - делінген хабарламада.

Жыл сайын аталмыш мерекені тойлауға қатысатын ата-аналар мен ерікті студенттер санының арта түскені байқалады.

«Мереке жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен балалардың құқын қорғау органдары, қамқор ата-аналар мен осындай ұйымдардың және демеушілер, БАҚ, үкіметтік емес ұйымдардың ұйымдасуымен өтеді», - деп нақтыланған хабарламада.

Шара аясында ұйымдастырушылар қамқор ата-аналарға психология, заңгерлік секілді салалар бойынша мамандардың кеңесін ұсынды.

Мұндай мерекелердің өткізілуі әлеумттік жетімдіктің алдын алып, жетім және қараусыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді.

 




Яндекс.Метрика