Медициналық білім беру жүйесін жақсарту

Алматыда Эпидемиологтар мектебі ашылды

Алматыда қоғамдық денсаулық сақтау жоғарғы мектебінің базасында Эпидемиологтар мектебі ашылды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Алматы қаласы30 Қазан , 10:18

«Эпидемиологтар мектебі медицина мамандары дайындап, халық  арасында инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың алдын алу шараларын ұйымдастырады. Ұйым жетекшілері эпидемиология мен аурудың алдын алу саласында халықаралық  ұйымдармен әріптестікті дамытуды мақсат етіп отыр», - делінген хабарламада.

«Қазақстанда қоғамдық денсаулық сақтау жоғарғы мектебімен біріге отырып алғашқы эпидемиология мектебін ашу білікті мамандардың жетілуіне жағдай жасап республикадағы денсаулық сақтау саласының емдеу моделінен аурудың алдын алу моделіне ауысуға мүмкіндік береді», - дейді академик Төрегелді Шарманов.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыдағы қоғамдық денсаулық сақтиаудың жоғарғы мектебі ДДҰ-ның Еуропа Өңірлік Бюросының мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Келісімімен ашылған болатын. Ондағы мақсат қоғамдық денсаулық сақтауда білікті мамандар даярлау мен жетекші органдары мен медицина мекемелерінің өзекті мәселелер бойынша заманның талабына сай жетілдіру болып табылады.

Айта кету керек, қоғамдық денсаулық сақтаудың жоғарғы мектебі ТМД аймағы мен Орталық Азиядағы осы бағыттағы алғашқы институт саналады.




Яндекс.Метрика