Тұрақсыз әлемдегі Gglobal Қазақстан

Көкшетауда «жасыл экономика» бойынша аймақтық инновациялық бизнес жобалар таныстырылады

«Жасыл экономика» Коалициясы мен G-Global дамытуды Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен Астанадағы ЕЫҚҰ Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен «Аймақтық «жасыл экономиканың дамуы» атты форум өткізеді, деп «Коалиция жасыл экономика мен G-Global-дың дамуы үшін» ОЮЛ баспасөз қызметі хабарлады.
Ақмола30 Қазан , 09:48

«Форумның негізгі тапсырмасы Қазақстанның «жасыл экономикаға» өту Концепцияның  мәнін талқылау. Елбасы Н. Назарбаев 2013 жылдың 30 мамырында шыққан № 577 Жарлығында қолданған», - деп хабарламада нақтыланған.

Пленарлы отырыстың жұмысына  «жасыл экономика» бойынша жетекші мамандар қатысады. Форум қатысушыларының назарына сараптамалық және жалпы экономиканың даму жетістіктері бойынша және «жасыл экономикаға»  өтуі бойынша бірқатар түсіндірме жұмыстар жүргізіледі.

Хабарламада нақтыланғандай, аталмыш форум «жасыл экономиканы» ақпараттандырудың бірден-бір жолы.

Сонымен қатар, форум аясында «жасыл экономиканың» бизнес дамуының төңірегінде бірқатар келіссөздер жүргізіледі.

Форум қатысушыларына аймақтық инновациялық бизнес жобалар таныстырылады. Қазақстанның «жасыл экономикаға» өтуі және ЭКСПО-17-ге дайындық шаралары да талқыланатын болады.

 

 

 

 

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика