«Балапан» бағдарламасын 2020 жылға дейін ұзарту

Жыл соңына дейін Атырау облысында 8 балабақша ашылады

Атырау облысында жергілікті және республикалық бюджет қаражаты мен демеушілердің көмегімен тұрғызылған 4 балабақшаның құрылысы аяқталу үстінде. Және де жалға берілген ғимараттар босатылғаннан кейін тағы 4 балабақша ашылады, деп хабарлайды облыстың ішкі саясат басқармасы.
Атырау30 Қазан , 09:52

«Бүгінде өңірде Атырау қаласы, Мақат ауданының Доссор ауылы мен Жылыой ауданының Құлсары қаласындағы 4 балабақшаның құрылысы жүріп жатыр. Соның 2-еуі демеушілердің қаражатына салынуда, Жалпы 4 балабақшадағы орын саны 860», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар жадға берілген ғимараттар босатылғаннан кейін жыл соңына дейін 650 орындық тағы 4 балабақша ашылады. Қазір ғимараттарға күрделі жөндеу жүргілілуде.

Хабарламада айтылғандай, жалпы облыс көлемінде 130 балабақша, 293 шағын орталық бар. 3-6 жас аралығындағы мектеп жасына дейінгі балалардың 78,1 пайызы осы білім беру мекемелерімен қамтылған.

 




Яндекс.Метрика