Шағын және орта бизнесті дамыту

Армения ШОБ қолдауда Қазақстан тәжірибесіне қызығушылық танытуда

24-25 қазанда Ереванда сауда-экономикалық әріптестік бойынша қазақ-армян үкіметаралық комиссиясының бесінші отырысы өтті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Әлемде30 Қазан , 09:40

«Отырыс барысында екі жақтың сауда-экономикалық қатынасы болашағы мен кәсіпкерлік, ауылшаруашылық, транспорт, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау, қала құрылысы, мәдениет, туризм мен ғылым және Қазақстан мен армения арасындағы келісімшарттық-құқықтық базаның дамуы мәселелері талқыланды», - делінген хабарламада.

Комиссияның Қазақстандық жағын ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Марат Төлібаев бастап барса, Армения өкілдеріне елдің Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Гриша Багиян жетекшілік етті.

Екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды, экспорттық әлеуетті көтеру мен инвестиция тарту мүмкіндігіне қол жеткізу мақсатында тараптар мемлекеттік сектор мен жеке меншік ортаның қатысуымен тұрақты түрде әр түрлі тақырыптағы көрмелер, дөңгелек үстелдер өткізбекке сөз байласты.

Тараптар кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу мен шағын және орта бизнеске қолдау көрсету бойынша тәжірбие алмасуға қызығушылық танытты.

Шара барысында қазақ-армян қатынасын ауыл шаруашылығы саласында, соның ішінде аталмыш бағыттағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамытудың маңызы ескерілді. Сонымен қатар ауыл шаруашылық өнімдерін тұрақты алмасу мен агроөнеркәсіптік кешенде тәжірибе алмасу келісіміне қол жеткізді.

2014 жылдың ТМД елдер арасында туризм жылы екенін ескерсек, екі ел өкілдері туризм саласында алыс-беріс пен барыс-келісті жиілету керектігін де сөз етті. Осы мақсатты біріккен шаралар қолға алыну керектігі айтылды. Келісімді нақтылау түсу мақсатында Арменияның Джермук қаласы мен Қазақстанның Щучинск қаласының басшылары арасында қатынасты орнату Меморандумға қол қойылды.

Комиссияның ендігі отырысы 2014 жылы Астанада өтетін болып шешілді. 




Яндекс.Метрика