Ауыл шаруашылығын жаңғырту

Ақмола облысында әмбебап тазалау кешені ашылды

Бұланды ауданындағы «Журавлевка-1» тұқым шаруашылығында 240 млн теңгелік әмбебап тазалау кешені ашылды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ақмола30 Қазан , 09:31

«Кешен көпжылдық және біржылдық өсімдіктердің тұқымына арналған. Нысанның құрамына тұқымды жинау бункері, тазалау цехы мен сақтау қоймасы кіреді», - делінген хабарламада.

«Кимбрия» фирмасының австриялық кешені автоматты басқару қондырғыларымен жарақтандырылған. Сонымен қатар тұқымды жоғарғы технология бойынша тазалайды.

Бұдан бөлек қойманың сыйымдылығы әлемдік стандарттарға жауап береді, қойма құрылысына арнайы болат құрылыс металлдары пайдаланылған.

Айта кету керек, «Журавлевка-1» кәсіпкерлігінің жұмысшылары өндіріс орнын басқаруда шеберліктерін арттыру мақсатында Австрияда біліктіліктерін жетілдіріп қайтты. Және де «Кимбрия» фирмасы қызмет көрсетудің кепіл уақытында шаруашылық қызметкерлерімен жиі тәжірибе алмасу шараларын ұйымдастырады. Жұмыс барысын қадағалап отырады.  

 




Яндекс.Метрика