Парламент

Қ.Тоқаев Газ экспорттаушы елдер форумының Бас хатшысын қабылдады

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық «Kazenergy 2015» форумына қатысу үшін Астанаға келген Газ экспорттаушы елдер форумының Бас хатшысы Хоссейн Аделиді қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Астана қаласы 30 Қыркүйек, 20:13

Әлемдік энергетика нарықтарындағы ахуал кездесудің негізгі тақырыбы болды. Х.Адели өзі басқаратын халықаралық ұйымның қызметі туралы хабардар етті. Ұйымға табиғи газды экспорттайтын 18 мемлекет мүше. Белгілі ирандық дипломат әрі экономист әлемдегі және Таяу Шығыс аймағындағы геосаяси жағдай туралы ойларымен бөлісті.

Сенат Төрағасы жүздесушінің назарын Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының мінбесінен айтқан ұсыныстарына аударды.

Қ.Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан ядролық қаруды таратпау және мемлекеттердің бейбіт атом саласындағы құқықтарын қамтамасыз ету бойынша іс жүзінде күш салуда.

 

 

 





Яндекс.Метрика