Сыртқы саясат

Иорданияда қазақ-иордан әріптестігі жайында кітап жарыққа шықты

Иорданиядағы Қазақстан елшілігінде «Қазақстан-Иордания қатынасы: достық пен ынтымақтастықтың 20 жылы» атты кітаптың тұсаукесері өтті, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.
Әлемде30 Қазан , 09:11

«Кітап тұсаукесеріне корольдік әулеттің мүшелері, Үкімет өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, дипломаттар, бизнес орта мен корольдік әулеттің БАҚ, сонымен қатар қазақ-иордан қатынасының мүшелері қатысты», - делінген хабарламада.

Сөз алған Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі елшісі Болат Сәрсенбаев кітап мазмұнында қамтылған Иорданияның саяси қайраткерлеріне екі елдің арасында мызғымас достық құруға ат салысқаны үшін алғыс айтып, көптеген салалардағы Қазақстан мен Иордания әріптестігіне жетістік тіледі.

Өз кезегінде ханзада Раад бин Зейд қос елдің бауырластығына жоғары дәреже беріп, алдағы уақытта бұл ынтымақтастықтың ілгерілей түсуіне тілектестігін білдірді.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика