«Біз достарымызды жеткен жетістігімен құттықтаймыз. Шын мәнінде бұл табыс, себебі макроэкономикалық жағдай соншалықты қолайлы емес. Қазақстан экономикасы мұнай бағасына айтарлықтай тәуелді. Сондай-ақ Қытайда да белсенділік басылып келеді, ал Қазақстанның экономикасы Қытайға да интеграцияланған. Әлемдегі жағдайда мәз емес, мұның барлығын өз көзімізбен көріп отырмыз. Алайда осыған қарамастан өзіне өсім қамтамасыз етіп жатқан мемлекеттерде бар», - деді А.Фирсов.
Сарапшы баса айтқандай, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың амбицияға толы бағдарламасы қайта жаңғыртылғаннан кейін (Ұлт жоспары) жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингісіндегі Қазақстан жетістігі факторларының бірі болды.
«Менің ойымша бұл жақсы бастаманың жалғасы және ол болашақта төмендемейді», - деп толықтырды А.Фирсов.
Ботагөз Айтжанова