Энергетика

Қазақстанда МӨЗ-ді жекешелендіру жоспарлануда

Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарындағы мемлекеттік үлес кеңейтілген жекешелендіру аясында сатылымға шығуы мүмкін, деді Kazenergy Еуразиялық экономикалық форумы аясында «Қазмұнайгаз» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев.
Астана қаласы30 Қыркүйек , 16:54

«Жекешелендірудің кеңейтілген бағдарламасын қарастырып жатырмыз, оның құрамына зауыттар да енуі мүмкін. Жаңғырту жұмыстары нақтыланған қаржыға жүзеге асырылатын жағдайда да, ол көздерде сатылған зауыттар қаржысы болмайды», - деді С.Мыңбаев.

«Ағымдағы жағдай бойынша ұлттық мұнай және газ компанияларының стратегиясы» панельдік сессиясында «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Данияр Берлібаев МӨЗ жекешелендіру туралы түсіндірді.

«Үкіметте МӨЗ-ді жекешелендіру мәселелері қаралуда. Қандай тізімде нақтыланатынын мен әзірге білмеймін. Мұнай өңдеу зауыттары алдын ала талқыланып жатқан тізімде бар, Үкімет оны қарап жатыр, барлығы-3», - деді ол.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика