Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Қазақстан Қытай бағытына қарай 60 млрд текше метрге дейін газ тасымалдауды көздеп отыр- ҚазМұнайГаз

Қазақстан Қытай бағытына қарай 60 млрд текше метрге дейін газ тасымалдауды көздеп отыр. Бүгінде бұл көрсеткіш 40 млрд текше метрді құрап отыр, деп хабарлады «ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Данияр Берлібаев Астанадағы X KAZENERGY Еуразиялық форумында.
Астана қаласы30 Қыркүйек , 16:51

«Қазақстан газ өндірісін ұлғайтуды көздеп отыр. Бізде қайта айдау тұжырымдамасы бар. Біз газ өндіру көлемін арттыратын боламыз. Біздің есептеуімізше негізгі бағдарлама  ішкі нарық. Біз бүгінде Қазақстанды ішкі газбен қамтамасыз ету картасын жасақтаумен айналысудамыз», - деді  Д.Берлібаев.

Осы ретте оның айтуынша, еліміз Шығысқа газды тасымалдау жүйесін толығымен жасақтай алды.

«Бүгінде Қытайға 40 млрд текше метр газ тасымалдануда, біздің есептеулеріміз бойынша кеңейту 60 млрд текше метрге дейін жүргізіледі. Газды тасымалдау көлемі ішкі нарықта және Қытай бағыты бойынша да бірдей артатын болады», - деп түйді ол.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика