Халықаралық рейтингтегі Қазақстан

Д.Макаускас: Қазақстанның макроэкономикалық көрсеткіштері еліміздің мықты тұсы болып қала бермек

Қазақстанның макроэкономикалық көрсеткіштері еліміздің мықты тұсы және солай бола бермек, деп хабарлады «Ұлттық сараптамалық орталық» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Дмитрий Макаускас ОКҚ-дағы баспасөз конференциясында.
Астана қаласы30 Қыркүйек , 16:21

«Қазақстанның инфрақұрылымдар саласында  мектептегі интернетке қол жетімділік санатында көрсеткіштерін жақсартқанын атап өткен жөн. Қазақстанның макроэкономикалық көрсеткіштері еліміздің мықты тұсы және солай бола бермек»,- деді Д.Макаускас.

Аталып өткендей, Қазақстан жан басына шаққандағы ЖІӨ көрсеткішін жақсарта білді.

Сонымен қатар, ол толықтырып кеткендей, 5 институционалды реформа ЖБИ рейтингісіне өзінің оң әсерін береді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан 2015-2016 жылдарға арналған жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингісін жақсартты. Бұл рейтинг бойынша Қазақстан 50-ші орыннан 42-ші орынға көтерілді.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика