Халықаралық рейтингтегі Қазақстан

М.Мұханов: Ұлт жоспары Қазақстан үшін бәсекелестіктің жаһандық рейтінгінде үлкен рөл атқарды

Ұлт жоспары Қазақстан үшін бәсекелестіктің жаһандық рейтінгінде үлкен рөл атқарды, деді «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ басқарма төрағасы Мақсат Мұханов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде.
Астана қаласы30 Қыркүйек , 16:14

«Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бəсекеге қабілеттілік индексі жарияланды. Бұл рейтинг бойынша Қазақстан 50-ші орыннан  42-ші орынға табан тіреді.Бұл рейтинг ең əуелі қарапайым халыққа не береді деген сауал туындайды. Ең əуелі, рейтинг дегініміз - басқа елдермен салыстыра отырып, өзіміздің қай орында екенімізді, тек экономикалық көрсеткіштер ғана емес, əлеуметтік көрсеткіштер қандай екенін, қай елдердің алдымызда тұрғанын, қай елдердің деңгейіне жету керектігімізді көрсететін барометр деуге болады», - деді М.Мұханов.

Жалпы, жаһандық экономиканың бір бөлшегі екенін сезінген Қазақстан халқының əлеуметтік жағдайын жақсарту үшін экономикалық жағдайымыз жақсы болу керек екені анық. Ол үшін бізге инвестиция керек. Ал, дүниежүзіндегі көптеген инвесторлар инвестиция салу үшін қандай да бір елдің осы рейтингтегі орнына қарайды.

«Біздің пікірімізше, бұл көрсеткішке Елбасының «5 институционалды реформасы» үлкен әсер берді. Сарапшылар арасында көп айтылып жүрген мəселе - заңның үстемдігі. 5 институционалдық реформада заңның үстемдігіне ерекше орын берілген. Жаһандық бəсекеге қабілеттілік туралы рейтингте Қазақстан заңның үстемдігі бойынша бірқатар көрсеткіштерін жақсартты. Яғни, болашақта инвесторлардың Қазақстанға деген сенімі арта түседі", - деді ол.

Ол атап өткендей, барлық көрсеткіштер соңғы кезде мемлекет тарапынан профилактикалық шаралар қолдандағындығын көрсетеді. Бастысы рейтингтің маңызы – жаңа шешімдердің әзірленуі, деп есептейті сарапшы.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика