Өңірлер

Ақмола облысы «Astana Leisure 2015» көрмесінде өзінің туристік әлеуетін таныстырды

Ақмола облысы «Astana Leisure» 2015 - «Астана Демалыс 2015» 12-і Қазақстандық халықаралық туристік көрмесіне қатысты, деп хабарлады Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы жанындағы «Ақмола медиа орталығы».
Ақмола 30 Қыркүйек, 20:28

Көрме Астана қаласында, «Көрме» көрмелік кешенінде, дәстүрлі Дүниежүзілік туризм күні кәсіптік мерекеге орай өткізілді. Ұйымдастырушы ҚР инвестициялар және даму Министрлігі және «Iteca» Қазақстандық халықаралық көрмелік компаниясы болды.

Көрме экспозициясыәлемнің 25 елінің 65 компаниясын біріктірді: Индонезия, Япония, Куба, Венгрия, Вьетнам, Корея, Мальдива, Қытай, Испания, Италия, Германия, Доминиканс Республикасы, Чехия Республикасы, Швейцария, Малайзия, Тәжікстан, Таиланд, Турция, Латвия, Ресей Федерациясы, Қазақстан және басқа.

 Көрме экспозициясы нарықтың жаңа және жаңаша ұсыныстарына толы болды, оның ішінде сауықтыру және тау шаңғысы курорттары, оқиғалы туризм, тарихи және археологиялық мұрағатка бай елдер, медициналық туризм бағыты және MICE, қысқы кезеңдегі жағажайлық демалыс, LUXE кластағы туризм және көптеген басқалар.

Көрменің салтанатты ашылуында ұйымдастырушылар және ҚР инвестициялар және даму Министрлігінен құрметті қонақтар, елшіліктердің, халықаралық ұйымдардың, «Iteca» көрмелік компаниясының өкілдері және шетелдік қонақтар болды.

Ақмола облысының туристік әлеуеті Ақмола облысы туризм Басқармасының 14 туристік бизнес субъектілерімен бірлесіп ұсынған  айшықты экспозициялармен шықты: «көкшетау» МҰТП, «Алмаз», «Щучинский» санаторийлері, «DISCOVERY-BOROVOE» РСО, «Park House hotel», «Айнаколь, Терасса Парк мейманханалары,  «Приозерный» БДО, «Круиз», «Глобус», «Жолымбет» туристік фирмалар, «Белсенді демалыс және туризм Орталығы» ЖШС және басқалар.

Ақмола облысы туризмінің әлеуетін көрсететін 10 мыңнан артық данамен жарнамалық-ақпараттық материалдар ұсынылды.  Белсенді жұмыс барысында, турбизнес субъектілері Қазақстандық, жақын және алыс шетелдік  туркомпаниялармен 100 тарта ынтымақтастық келісімдер жасады.

Осы көрмеде белсенді қатысқаны және көрмелік экспозицияны мазмұнды және масштабты ұсынғаны  үшін, Ақмола облысының туризм Басқармасына «Iteca» көрмелік компаниясының халықаралық сертификаты табыс етілді.

 





Яндекс.Метрика