Экономикалық және сауда дипломатиясын дамыту

Н.Назарбаев пен В.Путин Қазақстан мен Ресейдің X аймақаралық ынтымақтастық форумында кездеседі

Қазақстан мен Ресей Президенттері 11 қарашада Екатеринбургте өтетін Қазақстан мен Ресейдің мерейтойлық X аймақаралық ынтымақтастық форумында кездеседі. Бұл туралы бүгін BNews.kz порталындағы онлайн-конференция барысында ҚР сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов хабарлады.
Астана қаласы29 Қазан , 18:47

Сыртқы саяси ведомство басшысының айтуынша, форумда өңірлер ынтымақтастығы, әсіресе, сауда-экономикалық бағыттағы бірлескен іс-әрекеттер кеңінен талқыланады. 

«Форум мерейтойлық болғандықтан да маңызды. Мұны біздің елдер арасындағы тамаша дәстүр деуге болады. Қазақстан мен Ресей арасында көршілік және одақтастық туралы жаңа келісімшартқа қол қойылады деп жоспарлануда. Бұл болашақта бізге жаңа мүмкіндіктер ашатын жаңа келісімшарт», - деп атап өтті Е.Ыдырысов. 

Сонымен бірге екі елдің облыстары арасында бірқатар аймақаралық экономикалық келісімдерге қол қойылады деп күтілуде. 

Естеріңізге сала кетейік, бұдан алдыңғы форум Павлодарда былтыр қыркүйек айында өткен болатын. Форум Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістікті құруда шешуші рөл атқарғанын атап өту керек.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика