Халықаралық рейтингтегі Қазақстан

Қазақстан экономикасының инновациялық белсенділігі жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингісін көтерді - сарапшы

Қазақстан экономикасының инновациялық белсенділігі мен бизнестің бәсекеге қабілеттілігі 2015-2016 жылдарға арналған жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингісін көтерді, деп хабарлады «Ұлттық сараптамалық орталық»АҚ басқарма төрағасының орынбасары Дмитрий Макаускас ОКҚ-дағы баспасөз конференциясында.
Астана қаласы30 Қыркүйек , 15:41

«Біздің орталық Дүниежүзілік экономикалық форумның Қазақстандағы серіктесі болып табылады. Қазақстан экономикасының инновациялық белсендігі мен бизнестің бәсекеге қабілеттілігі  2015-2016 жылдарға арналған жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингісін көтерді. Сонымен, бұл рейтинг бойынша Қазақстан 50-ші орыннан 42-ші орынға көтерілді. Біз Польша мен Италия арасында орналастық», - деді Д. Макаускас.

Оның айтуынша, бұл бәсекеге қабілеттілік индексінің рейтингісіне қатысудың бүкіл тарихындағы Қазақстанның ең үздік нәтижесі.

«Біз посткеңестік елдері кеңісігінде өз позициямызды сақтап қала білдік. ТМД елдерінің ішінен біздің алдымызда тек Әзірбайжан ғана, ал Ресей 45 орында, Грузия 66 орында, Қырғызстан 102 орында», - деп толықтырды Д. Макаускас.

Естеріңізге сала кетейік, Жеті жыл қатарынан рейтинг бойынша бірінші орынды Швейцария ұстап отыр. Әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті үш ел: Швейцария (1), Сингапур (2) және АҚШ (3). Әлемнің үздік бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына ЭЫДҰ мүшелері болып табылатын дамыған мемлекеттер кірген. Өңірлік мәнде осы тізімде Батыс Европа елдері басым болады. Cонымен қатар үздік отызға Азиядан 6 ел енген  Гонконг (7), Катар (14), Тайвань (15), БАӘ (17), Малайзия (18), Сауд Аравиясы (25), Оңтүстік Корея (26), Қытай (28). БРҮҚ елдері арасында Қытай бұрынғыдай ең жоғары позицияны иеленді (28; 0). Қытайдан кейін Ресей (45; +8), Үндістан (55; +16) және Бразилия (75; -18) орналасқан.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика