Білім беру

НЗМ оқушыларының 75 % жоғары қабілетке ие топтағылардың қатарына жатады (ФОТО)

Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушыларының 75 % жоғары қабілетке ие топтағылардың қатарына жатады, деді мектептегі баспасөз туры аясында «НЗМ» ААҚ басқарма төрағасы Күләш Шәмшидинова айтты.
Астана қаласы 30 Қыркүйек, 15:34

«Назарбаев Зияткерлік мектептері тәжірибе өткізудің алаңы болып есептеледі, біз мектепке ынталы, жаратылыстану-математика бағытына бейім балаларды іріктеп аламыз. Сондықтан да балалар бізге келген кезде, тест қорытындысы бойынша төрт негізгі топқа бөлінеді: «өте жоғары», «Жоғары», «орташа» және «жеткілікті». Бүгінгі таңда соңғы үш жылдың мәліметі бойынша 25-26 пайызы «орташа» мен «жеткілікті» топты құраса, 74-75 пайызы жоғары қабілетті топқа жатады», - деді ол.

К.Шамшидинова айтып өткендей, оқу үлгерімі нашар балалардың  шығарылуы қысқарғанын айтты.

«Осы жылы жетінші сынып оқушыларының ішінде 7 адам шеттетілді. Бұл өте кішкентай көрсеткіш. Бүгінде біздің мектептерден балалар кетпейді деп те айтуға болады», - деді ол.

Оның айтуынша, НЗМ бағдарламасы орта білім беретін мектептерден жоғары қысымдылығымен ерекшеленеді, онда талап жоғары.

«Химия, биология, информатика, математика пәндерінде жалпы білім беретін мектептердің бағдарламаларында кездеспейтін тақырыптар бар. Білім алу үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүреді. Елбасы мен ҚР Үкіметінің қолдауының нәтижесінде барлық жағдай жасалып отыр», - деді ол.

Бос уақыттарында оқушылар тігін, тоқумен айналысып музыкалық аспаптарда ойнауды машықтанып, шахматқа үйренеді.





Яндекс.Метрика