Халықаралық интеграция

Қазақстандық кәсіпкерлер алғаш рет өз тауарларын ШЫҰ мемлекеттерінің көрмесіне ұсынды

Сиянь қаласында қазақстандық кәсіпкерлер алғаш рет ШЫҰ елдері тауарларының бірінші халықаралық көрмесіне қатысты, деп хабарлады «Атамекен» ҚР ҰКП.
Әлемде 30 Қыркүйек, 19:27

Айта өтейік, көрме алаңының жалпы ауданы 50 мың шаршы метрді құрады, онда Шанхай ынтымақтастық ұйымы мемлекеттерінің жүздеген компаниялары өз тауарларын қойды.

Көрме аясында мемлекетіміздің Ұлттық көрме стендінде астықтың, майлы дәнді дақылдардың, бал, өндірістік фильтр және фильтр әлементтері, кәдесыйлар, балықты өңдеу мен туризм саласындағы қызмет түрлері таныстырылды.

Қазақстандық кәсіпорындар өз өнімдерін Қытай Халық Республикасының тауар мен қызмет көрсету нарығында таныстыруға мүмкіндік алды, нәтижесінде қазақстандық өнімді ҚХР нарығына жеткізу туралы келісімге қол жеткізілді

Жалпы, қазақстандық тауарларды ШЫҰ қатысушы  Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, сонымен қатар бақылаушы мемлекеттер Ауғаныстан, Үндістан, Иран, Моңголия мен Пәкістан және Түркіменстан бағалады.





Яндекс.Метрика