Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Биылғы жылдың жаңа астығын тасымалдауға 8 мыңнан астам астық вагондары дайындалды – ҚТЖ

ҚТЖ биылғы жылдың жаңа астығын тасымалдауға 8 мыңнан астам астық вагондарын дайындады, деп хабарлады Ұлттық компания.
Астана қаласы30 Қыркүйек , 19:58

Қыркүйек айында 600 мың тоннадан астам астық тасымалданса, ол өткен айға қарағанда екі есеге жоғары көрсеткіш.

Жүктер тапсырыс берушілерге республикамыздағы ең үлкен жүк вагондары паркінің операторлары «Қазтеміртранс» АҚ-мен «АстықТран» АҚ жылжымалы құрамдары арқылы жеткізілуде.

Бұған қоса алғанда, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ арнайы астық вагондарымен бірге бірқатар бағдарларға қапталған және сусымалы астық түрлерін тасымалдауға жабық вагондарды да пайдаланады.

Қазақстан астық өсіру және экспорттау әлеуеті жөнінен әлемде ондыққа кіреді. Қазақстан жылма жыл сегіз миллион тоннаға дейін астықты сыртқа шығарып келеді.

Қазіргі таңда Қазақстанның астығын Таяу Шығыс, Орталық Азия аймағы, Қытай және Ресей тұтынады.

 

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика