Энергетика

Қазақстан 2020 жылға қарай мұнай және газ өндіретін ірі өндірушілердің ондығына енеді

Қазақстан 2020 жылға қарай мұнай және газ өндіретін ірі өндірушілердің 10-дығына енеді. Бұл жөнінде бүгін елордада өтіп жатқан Х Еуразиялық KAZENERGY форумы аясындағы баспасөз мәслихатында «KAZENERGY» қауымдастығының төрағасы Тимур Құлыбаев мәлімдеді.
Астана қаласы30 Қыркүйек , 15:03

«Біздің ірі жобалар дамитынына көзіміз жетті. Келесі жылы Қашаған жылы болмақ.  Жалпы, мұнда негізінен мұнай-газ секторына көңіл бөлінген. Қазақстан 2020 жылдың басында тәулігіне 2 млн баррель өндіретін жағдайға жетуі мүмкін», - деді Т.Құлыбаев.

Қауымдастық президенті Қазақстанда дәстүрлі энергия көздерімен қатар, энергияның баламалы көздеріне ерекше көңіл бөлініп отырғандығын айтты.

«Біздің елдің энергетика саласында  көмір бар. Генерацияның 60 пайызын көмір арқылы өндіріп отырмыз. Атом энергетикасын дамытатын жобалар бар. Біз энергеияның баламалы көздеріне де аса мән беріп отырмыз. Бізде күн панелдерін өндіретін зауыт құрылды. Жалпы, бұл бағытты үнемі дамытатын боламыз», - деді ол.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика