Білім беру

Назарбаев зияткерлік мектептерін 6 жылда 3 мыңнан астам түлек бітірді (ФОТО)

Назарбаев зияткерлік мектептерін 6 жылда 3 мыңнан астам түлек бітірді, деп хабарлады «НЗМ» ААҚ басқарма төрайымы Күләш Шамшидинова мектептер бойынша баспасөз турында.
Астана қаласы 30 Қыркүйек, 14:47

«Балалар біздің мектептерімізді жақсы тәмәмдауда. Бүгінге дейін 3 мыңнан астам түлегіміз Қазақстанның және әлемнің ЖОО-ларына оқуға түскен», - деді ол.

Оның айтуынша, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің түлектерінің ішінде Apple және Google сынды алпауыт компанияларға жұмысқа орналасқандары бар.

Естеріңізге сала кетейік, алғашқы Зияткерлік мектеп 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істей бастады. Бүгінде еліміз бойынша барлық облыс орталықтары мен Астана, Алматы қалаларында 20 мектеп бар. Оқушылар 12 сыныпта оқиды және үш тілде білім алады.

Айта кетрлік жайт, Астананың зияткрелік мектептері үшін Халықаралық бакалавриат сыртқы тәуелсіз бағалау жүргізеді. 2015 жылы мамыр айында 12 сынып оқушылары ХБ емтихандарын тапсырды. ХБ дипломдарын 37 түлек алды, бұл 90,2 % құрайды.

 

 





Яндекс.Метрика