Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Ә.Асаубаев: Қазақстанда барлық елді мекендерді жолаушылар көлігімен қамту қарастырылуда

Жолаушыларды тасымалдайтын автобус тың негізгі мақсаттарының бірі елді мекендерді қамту. Қазір 78,5 пайызға қамтылып отыр, деді ҚР ИДМ көлік комитетінің төрағасы Әсет Асаубаев ОКҚ-дағы брифингте.
Астана қаласы30 Қыркүйек , 13:51

«Автомобильдік транспорт бойынша 7 айдың ішінде тасымалдау көлемінің айтарлықтай ұлғайғаны байқалады. Автокөлікпен жүк тасымалдау көлемі қаңтар-шілде айларында 1 млн 690 тоннаны құрады, ол өткен жылмен салыстырғанда 3,7 пайызды құрады», - деді Ә.Асаубаев.

Сондай-ақ, өткен жылмен салыстырғанда жолаушылар тасымалының көлемі 3,2 пайызға ұлғайды.

«Тасымалдауларды жүзеге асыру үшін автобус парктерін жаңарту үшін жағдайлар жасалуда. Бүгінгі таңда заңнама жылжымалы құрамның жаңаруы бойынша нақты талаптар қойылған, оларды сақтаған уақытта екінші рет байқау өтпейді,  автобустың жұмыс істеу уақыты 10 жылға созылады», - деді комитет басшысы.

Осы жылдың 9 айы бойынша жылжымалы құрамның мың бірлігі сатып алынды.

«Қоғамдық көліктің қызметі жолаушыларды тасымалдауда үлкен рөлге ие. Себебі жолаушылар тасымалының ішінде 98 пайыздық көрсеткіш автомобильдік жолаушылар тасымалына тиесілі», - деді ол.

ҚР ИДМ ақпараты бойынша, қамту пайызы 78,5-ке тең. Бұл міндетке жету үшін инфрақұрылымды дамыту, жаңа автовокзалдарды салу, ҮЕҰ механизмін қолдану арқылы автобекеттерді салу бойынша жұмыстар атқарылуда.

Ботагөз Айтжанова

 




Яндекс.Метрика