Ұлттың денсаулығы

Астанада нашақорлыққа қарсы акция басталды

Астана қаласының «Жастар» сарайында Ішкі істер министрлігі қалалық әкімдікпен бірлесіп мақсаты синтетикалық есірткілердің жаңа түрлерінен келетін қауіпке, жастарды оны шегуден сақтандыру, сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстану принципін қалыптастыруға назар аудару болып табылатын нашақорлыққа қарсы іс-шара өткізілді.
Астана қаласы30 Қыркүйек , 18:56

ІІМ қалалық әкімдікпен бірлесіп ұйымдастырған акцияға77 орта мектеп және 12 арнаулы оқу орындарының мыңнан аса оқушылары қатысты.

Іс-шарада ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес департаментінің бастығы әділет генерал-майоры Сұлтан Құсетов есірткі бизнесіне қарсы күрес бөліністерінің нашақорлық профилактикасына, оның ішінде синтетикалық есірткінің жаңа түрлерін тұтынудың жолын кесуге ерекше назар аударып отырғанын атап өтті, деп хабарлады ведомство.

Акция шеңберінде қазақстан спорт жұлдыздары Қазақстан Республикасы Спорттық күрес қауымдастығының вице-президенті Юрий Мельниченко, көркем гимнастикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Анна Алябьева, ҚР  Дзюдо федерациясының дамыту жөніндегі директор Асхат Житкеев, таеквондо бойынша Қазақстан құрамасының тренері Арман Шылманов) жастарды салауатты өмір салтын ұстануға және спортпен айналысуға жастарды үгіттеді.

Денсаулық сақтау өкілдері синтетикалық есірткілерді тұтынудың зияндығы және оның адам психикасына ықпалын шегетін қоспаларды тұтыну салдарынан болатын нақты психикалық бұзылу туралы бейне ролик көрсетті. Соңында би және спорттық ұжымдардың қатысуымен концерт өткізілді. 

Іс-шара соңында  «Өз өміріңді көркемде» ұранымен Қазақстанның әр өңірінен қатысушы оқушылар тобына тулар тапсырылды.

Акция соңында «Нұр Отан» - «Жас Отан» партиясының жастар қанаты өкілдерінің қатысуымен атана көшелерінде көлемді автопробег ұйымдастырылды.

Облыстардың тулары акцияны одан әрі жалғастыру үшін «Қызылжар» рубежіндегі бекетте Қарағанды облысы ІІД қызметкерлеріне салтанатты түрде тапсырылды.    




Яндекс.Метрика