Энерготиімділік

С.Мыңбаев: «ҚазМұнайГаз» әлемдік дағдарыс жағдайында мұнай өндіру көлемін төмендетпеді

«ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ әлемдік дағдарыс және өте төмен мұнай бағасы жағдайында мұнай өндіру көлемін төмендетпеді, деп хабарлады «ҚазМұнайГаз»ҰК»АҚ басқарма төрағасы Cауат Мыңбаев Астанадағы X KAZENERGY Еуразиялық форумында.
Астана қаласы30 Қыркүйек , 13:29

«Компания тек 2015 жылдың өзінде инвестиция көлемін шамамен 130 млрд теңгеге қысқартты. Біз үшін бұл айтарлықтай сома. Әзірге өндіру деңгейін қысқартпадық. Біз бұған қалай қолжеткіздік, әдеттегідей мұнай жағдайда барлық компаниялар шығын тиімділігі мәселесіне шығады. Біз дәл соны істедік», - деді С.Мыңбаев.

Осы ретте оның айтуынша, компания өзінің орташамерзімді жоспарын жасақтауда, бұл жолы ол мұнайдың төмен бағасын есепке ала отырып жоспар түзуде.

«Жасыратыны жоқ күндердің күнінде сұранысқа бйланысты мұнай бағасы өсетіні белгілі, алайда ол қаншалықты жақын арада болатынын дөп басып ешкім айта алмайды. Осы ретте біз өзіміздің орташа мерзімді жоспарымыз бен инвестициялық бағдарламамызды мұнайдың төмен бағасын есепке ала отырып жасақтаудамыз», - деп түсіндірді ол.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика