Білім беру

2015 жылдың 1 қыркүйегінен бастап республиканың 30 пилоттық мектебінде НЗМ бағдарламасы қабылдануда

2015 жылдың 1 қыркүйегінен бастап республиканың 30 пилоттық мектебінде НЗМ бағдарламасы қабылдануда. Бұл туралы ОКҚ брифингінде «Назарбаев зияткерлік мектептерінің қызметі туралы» көшпелі баспасөз конференциясы барысында мәлім болды.
Казахстан30 Қыркүйек , 13:18

Айта кетейік, Назарбаев Зияткерлік мектептерін құру жобасы Қазақстанда 2008 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Қазақстанда 20 зияткерлік мектеп Астана мен Алматы, облыс орталықтарында жұмыс жасауда.

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде балалар екі бағдарлама бойынша: Интеграцияланған оқыту бағдарламасы мен Халықаралық бакалавриат бағдарламасы.

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің түлектері Қазақстан, АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Италия, Сингапур, Авчтрия, Германия, Финляндия, Оңтүстік Корея, Швейцария, Қытайдың үздік ЖОО-ларына түсе алады.

Бірінші бағыт бойынша – 49 582 оқытушы курстар бойынша оқытылды. 647 тәлімгер дайындалып, 1255 жетекші оқытылып,  481 білім алуды жалғастыруда.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ГОС НО жобаларымен  НАО әдістемелері бойынша апробация жұмыстарын жүргізуде. Апробация қорытындысы бойынша  2016 жылдың қыркүйегінде барлық жалпы білім беру мектептерінде бағдарламаны енгізу жүзеге асады.

 

 




Яндекс.Метрика