Энергетика

В.Школьник: ҚР-ның ұзақмерзімді энергетикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету басты міндеттердің бірі

ҚР-ның ұзақмерзімді энергетикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету басты міндеттердің бірі, деді Энергетика министрі Владимир Школьник Астанадағы KAZENERGY X Еуразиялық форумы барысында.
Астана қаласы30 Қыркүйек , 13:09

«Мұнай және газ саласы – біздің экономиканың негізгі құралы. XXI ғасырдың бірінші онжылдығында көмірсутек  шикізаттарының жоғарғы бағасы Ұлттық қор мен бюджетке түсетін кірісті ұлғайтады. Алайда, бүінгі таңда бұл көрсеткіштер төмендеп келе жатқаны байқалады. Бұл біздің стратегияға түзетулер енгізбей қоймайды, елдің   ұзақмерзімді энергетикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету басты міндеттердің бірі болып қалады», - деді В.Школьник.

Ведомство басшысы мемлекет ұлттық заңнаманы әлемдік стандартқа теңестіруге ұмтылады.

«Еуразиялық кеңістіктің интеграциялық  үрдістерін дамыту өте маңызды. ДСҰ мүшелігіне ендік, енді біздің стратегиялық мақсатқа Қазақстанның 30 дамыған ел қатарына кіруі жатады. Үкімет заңнаманы үйлестірудің  жүйелік шараларын жүзеге асырыуда. Әрине, ұлттық заңнаманы әлемдік стандарттарға теңестіру бойынша жұмыстар жасалуда. Мұнай және газ секторын дамыту стратегиялық мағынаға ие: халықаралық қауымдастық интеграциясына өндірілетін сала ашықтығы бойынша қол жеткізу», - деді министр.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика