Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

«MEDIA EXPO-2015» республикалық көрмесінде үздік отандық ақпаратттық жобалар ұсынылған

Бүгін Қазақстанның елордасында «MEDIA EXPO-2015» IV республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының көрмесі ашылды. Онда республикалық және аймақтық БАҚ, еліміздің үздік ақпарат жобалары ұсынылды.
Астана қаласы30 Қыркүйек , 13:04

«Құрметті қонақтар мен әріптестер, «MEDIA EXPO-2015» көрмесіне қош келдіңіздер. Бүгінгі біздің шараның стратегиялық серіктесі «Қазмедиа орталығы» - ол жарқын болашақ алаңы және бұл дәстүрге айналады деген ойдамын. Барлық қатысушыларға мемлекеттік ақпарат саясатын жүзеге асыруда табыс тілеймін», - деді «Қазмедиа орталығы» компаниясының бас директоры Мирболат Аюпов.

Айта кетерлік жайт, көрмеге қатысушылар медиа мен промоушен нарығындағы жаңа және үздік жобаларын ұсынды. Сонымен қатар, «Қазақстан» ТРК» АҚ, «Хабар агенттігі»АҚ, «Казконтент» АҚ, «Қазақпарат» АА,  «МИР»ХТРК, «Айкын» мен «Литер» басылымдары өздерінің стендтерін қойды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, биылғы көрмеде жаңа қазақстандық продакшн компанияларына бастау беріледі, сонымен қатар студиялардың өзара қарым-қатынас орнатуына жағдай жасалады.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика