Инновациялық зерттеулерді дамытудың жаңа саясаты

Жас инноваторлар Алматы әкіміне өздерінің туындыларын көрсетті

Бүгін, 29 қазанда «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық алаңында Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов жас инноваторлармен кездесті,деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы.
Алматы қаласы29 Қазан , 19:05

«Жас инноваторлар әкімге өз туындыларын таныстырды, соның ішінде қала әкіміне «Tourist Routebox» бағытының терминал-навигаторы көрсетілді. Аталмыш туынды белгілі жерлерге дәл қай бағыттағы қоғамдық көліктің баратынын көрсетеді. Сонымен қатар әкімнің назарына пациенттің жүрек-қан тамыр жүйесіне мониторинг жасауға арналған мобильді құрал ұсынылды», - деп хабарлады әкімдіктің ішкі саясат басқармасы.

Бұдан бөлек қарқынды жарық беретін газбен зарядталатын энергоүнемдегіш электр лампасы жұмысы да таныстырылды. Видеокамералы «Көптер» басқарылатын ұшу аппараттары назардан тыс қалмады.

Өз кезегінде қала басшысы Алматының инновациялық даму бағытынан сөз қозғады. Соның бірі туризм саласы. ҚР Президентінің тапсырмасымен «Көк Жайлау» тау шаңғысы курорты құрылысының жоспарымен таныстырды.

А.Есімов қаланың экологиялық мәселелерін шешуге мән берді. Ауа тазалығын сақтау мақсатында қоғамдық көліктерді автогаздарға алмастыру бағдарламасы қабылданғанына тоқталды.

Бұған қоса мегаполисте метроның екі станциясының құрылысы жүргізілуде.

 

 




Яндекс.Метрика