Білім беру

ҚР-да жыл соңына дейін 26 мың орынға арналған 162 мектепке дейінгі ұйым ашылады - ҚР БҒМ

Қазақстанда 2015 жылдың соңына дейін 26 мың орынға арналған 162 мектепке дейінгі ұйым ашылады, деп хабарлады ҚР БҒМ.
Казахстан30 Қыркүйек , 16:02

1 қыркүйектен бастап республиканың 30 пилоттық мектептерінде оқу бағдарламасын кезең-кезеңмен апробациялау, оқулықтар мен ОӘК білім мазмұнын жаңарту басталды, және де бағалаудың критериялды жүйесі жүзеге асырылуда. Сонымен қатар ерекше дарынды балаларға арналған жаңа вариативті оқу бағдарламасы жасалынып шығарылды.

Мектепке дейінгі ОӘК дайындалды. 1159 орта, техникалық және кәсіптік оқу орындарында электронды білім беру жүйесі енгізілді. Одан бөлек мамандардың біліктілігін арттыру және өзге де көптеген жаңашылдықтар бар.

Айта өтейік, бүгінде елімізде 2,7 миллион бала білім алып жатқан 7563 орта мектеп бар. Ал, 142 мың мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған 346 арнайы білім беру ұйымдары жұмыс істеп жатыр.

Сонымен қатар, 121 арнайы мамандандырылған, 322 гимназия мен лицейлерде 204 ерекше дарынды балалар білім алуда. 1159 тереңдетілген мектептерде 506 мың бала оқыса, 833 арнайы мектептер мен 59 үйірмеде 1,6 миллион (60,5%) бала білім алып жатыр. 2015 жылы Халықаралық интеллектуалды конкурстарда 1187 медаль олжаланды.

Республикада 4088 балабақша, 4690 шағын орталықтарда 763 мың бала бар. 2010 жылдан бастап 52,5 мың орынға арналған 305 жаңа балабақша ашылды. Нәтижесінде 2014 жылы балабақшаға барған  3-6 жас аралығындағы балалардың көрсеткіші 78,6 пайызға артты. 2015 жылдың соңына дейін 26 мың орынға арналған 162 мектепке дейінгі ұйым ашылады.

 

 




Яндекс.Метрика