Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстанның ашық деректер порталында мемлекеттік органдардан 24 жаңа дерек жинағы жарияланды

Қазақстанның ашық деректер data.egov.kz порталында деректердің 24 жаңа жинағы жарияланды. Ақпарат үш мемлекеттік органдарымен берілді: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Инвестициялар және даму министрлігі және Энергетика министрлігі, деп хабарлады «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметі.
Казахстан30 Қыркүйек , 17:34

Атап айтқанда, Білім министрлігі электрондық оқыту жүйесі бойынша мәліметтерді орналастыру үшін жолдады. Енді ашық деректер порталында класстар, мұғалімдер және оқушылар саны, сондай-ақ E-learning жүйесіне қосылған мектептердің үлгерімі бойынша мәліметтер туралы статистиканы білуге болады. Қазір тек Астана және Алматы қалалары бойынша деректер қолжетімді.

Энергетика министрлігінен елдің экологиялық жағдайы бойынша деректер алынды: елді мекендердің ластану деңгейі, атмосфераның жер беті қабатының радиациялық жағдайы туралы, сондай-ақ елдің су қоймалары ластануының кешендік индексінің өзгерісіне қатысты. Одан басқа, әртүрлі сараптамалық ұйымдар және зертханалардың тізілімі жарияланды.

Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті Кеден одағының Бірыңғай тізіліміне қосылған сәйкестікті растау бойынша зертханалар мен органдардың тізбесін және осы саладағы аккредиттелген ұйымдар бойынша басқада деректерді берді.

Ашық деректердің барлық жиынтығы машина оқитын форматта орналастырылған және АРІ арқылы қолжетімді, бұл қосымшаларды және сервистерді әзірлеу үшін қолайлы болып табылатындығын атап өтеміз.

Ағымдағы жылдың соңына дейін ашық деректердің жиынтығын алдын ала қараудың функционалын ескеретін порталдың жаңа болжамасын іске қосу жоспарлануда. Бұл қарапайым пайдаланушыға қиындықсыз қарауға және оған қолайлы түрде машина оқитын форматты ұсынылған деректерді жүктеп алуға мүмкіндік береді.

 




Яндекс.Метрика