Сыртқы саясатты жаңғырту басымдықтары

Нұрсұлтан Назарбаев Георгий Маргвелашвилиді Грузия Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Георгий Маргвелашвилиге оның Грузия Президенті лауазымына сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады,деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы29 Қазан , 17:35

«Жеделхатта Қазақстан Президенті Г.Маргвелашвилидің жоғары мемлекеттік лауазымдағы қызметі Грузияның одан әрі жан-жақты дамуы мен өркендеуіне септігін тигізетініне сенімін білдірді», - деп хабарламада нақтыланған.

«Қазақстан мен Грузия арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық біздің елдеріміз халықтарының игілігі үшін өзара сенім мен құрмет жағдайында алда да дами беретініне сенемін», – деп атап өткен Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев Г.Маргвелашвилиге зор денсаулық және жауапты қызметінде мол табыс, сондай-ақ достас грузин халқына бейбіт өмір мен бақ-береке тіледі.        

 




Яндекс.Метрика