Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

ҚТЖ автоматты бақылау қондырғыларын өндіріске енгізуде

ҚТЖ вагондардың техникалық жайын жақсарту мақсатында автоматты бақылау қондырғыларын өндіріске енгізуде, деп хабарлады «ҚТЖ» ҰК» АҚ.
Казахстан30 Қыркүйек , 17:19

Жылжымалы құрамдардың техникалық жағдайын автоматты бақылаудың ескі қондырғылары жаңа буынды заманауи түрлерімен алмастырылуда.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Магистральдық желі дирекциясы филиалының автоматтандыру, телемеханика және телекоммуникация департаментінің бөлім бастығы Құмаш Зарлықановтың айтуынша, КТСМ жаңа буынды аппаратура қондырғылары темір жолдағы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда жалпы жол бойында 500 жинақты соңғы үлгідегі қондырғылар пайдалануға берілген.

Қ.Зарылқановтың хабарлауынша, ендігі жерде вагондардың кездейсоқ тоқтап тұрып қалуы мен вагон букстерінің апатты жағдайларын анықтау сапасы жақсара түседі.

«Ресейлік мамандармен бірлескен түрде КТСМ–02 бағдарламалық аппаратураларын жетілдіре отырып, подшипниктердің кассетті типтерінің қызып кету көрсеткішін анықтайтын, соған байланысты пойыздардың тоқтап қалуына әкеп соқтыратын КТСМ көрсеткіштері бұрынғыдан да жетілдірілді»,-  деп атап өтті маман.

«КТСМ-02 жаңа қондырғысының бұрынғыға қарағанда көрсеткіштері жоғары. Ол темір жол саласының қозғалыс қауіпсіздігін жақсартуға қызмет етеді»,-дейді Қ. Зарлықанов.

 




Яндекс.Метрика