Адами капитал

ҚР ҚК 1000-ға жуық әскери қызметші біліктілігін арттырды

Қазақстандық 1000-ға жуық әскери қызметші осы жылдың басынан ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде біліктілікті арттыру факультетінде оқып шықты, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Казахстан30 Қыркүйек , 20:46

2015 жылдың соңына дейін 36 адам даярлықтан өтпек. Соның ішінде 15 әскери қызметші – шет тілін қарқынды зерделеу курстарынан, ал 11-і – бригада сержанттары және одан жоғары курстық даярлықтары, сондай-ақ Бас әскери прокуратураның 10 өкілі - біліктілікті көтеру курстарынан өтеді.

Біліктілікті арттыру факультеті әскери қызметшілердің кәсібилігін, тілдің даярлық деңгейін арттыру, әскерлердің жедел, жауынгерлік және жұмылдыру басшылығының командалық және әдістемелік дағдыларын, шаруашылық қызметін қалыптастыру, жеке құрамның тұрмысын ұйымдастыру мақсатында ҰҚУ қосымша білім беру факультетінің базасында ұйымдастырылған.  

Оған біліктілікті арттыру, шет тілдерін қарқынды зерделеу және жұмылдыру курстары кіреді. Қазіргі кезде оқыту 11 бағыт бойынша жүргізіледі. Дегенмен Қазақстан Қарулы Күштерінің түрлері, тектері мен арнайы әскерлері үшін әскери мамандық артықшылықтарымен қоса келер жылы 22 бағытқа дейін кеңейтіп қамтуды жоспарлап отыр. Факультет құрылған сәттен бері 3 000-нан астам офицер мен сержант даярланды.

 




Яндекс.Метрика