EXPO-2017

И.Тасмағамбетов кәсіпкерлерді «ЭКСПО-2017» дайындығына ат салысуға шақырды

Кәсіпкерлер Палатасы өңірлік кеңесінің бірінші отырысында И.Тасмағамбетов елорда кәсіпкерлеріне «ЭКСПО» халықаралық көрмесін өткізу дайындығына қатысуға шақырды. Бұл жайында ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жұртшылықен байланыс департаменті хабарлайды.
Астана қаласы29 Қазан , 17:25

 «Халықаралық көрме өткізу қарсаңында қаланың инфрақұрылымдық мәселелерін шешу керек. Бұл дегеніңіз жеңіл рельсті транспорт құрылысы, қаладағы энергоүнемдеу жобалары, «жасыл» экономика саласының экологиялық талаптарына жауап беретін жаңа аудандардың салынуы, қаладағы қозғалыс құралдарының экологиялық таза отынға көшуі. Яғни сіздердің  кәсіби тәжірбиелеріңізбен бөлісуге мүдделіміз», - деді әкім.

И.Тасмағамбетовтың айтуынша,бизнес-қауымдастық халықаралық көрменің өткізілуіне толықтай қатысуы керек.

Естеріңізге сала кетейік, 11 қазандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы мемлекеттік көмек пен кәсіпкерлікті қолдауды мықтап тапсырған.

 




Яндекс.Метрика