Парламент

Сенат комитетінде Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы заңнамаға түзетулер мен басқа да заң жобалары қаралды

Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Астана қаласы29 Қыркүйек , 18:42

Заң жобасы Мемлекет басшысының «Нұр Отан» партиясының ХVI съезінде және Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясында берілген тапсырмалары негізінде әзірленді. Құжаттың мақсаты «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық отаншылдық идеясын іске асыруға бағытталған бірыңғай мемлекеттік саясат қалыптастыру үшін қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу болып табылады. Осыған байланысты кіріспеге, «Болашағы біртұтас ұлт» институттық реформасында бекітілген құндылықтар негізінде елімізде ұлтаралық келісімді қамтамасыз етуді көздейтін өзгерістер енгізіледі.

Одан басқа, заң жобасы Қазақстан халқының Ассамблеясы Ассамблея Төрағасы ретінде Мемлекет басшысына жыл сайынғы есебін беруді көздейтін ережелермен толықтырылады. Енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Ассамблеяның институттық рөлін күшейтеді, қоғамдық келісімді, «Мәңгілік Ел» идясының ортақ құндылықтары негізінде қазақстандық бірдейлік пен тұтастықты нығайту үшін жағдай жасайды.

 




Яндекс.Метрика