Халықаралық интеграция

Қазақстан мен БҰҰ ДБ Африка елдеріне көмек көрсету бойынша жаңа бағдарлама қабылдады

Нью-Йорктегі Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 70-сессиясы аясында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов пен БҰҰДБ әкімшісі Хелен Кларктың кездесуі өтті, онда тараптар жақында ғана бектілген Тұрақты даму мақсатын (ТДМ) жүзеге асыру аясында 45 Африка мемлекетіне көмек көрсету бойынша жаңа бағдарламаны қабылдады, деп хабарлады сыртқы саясат ведомствосынан.
Әлемде29 Қыркүйек , 18:27

«Қазақстан мен Африка елдері арасында ТДМ бойынша серіктестік» бастамасы африкалық елдерге жаһандық талқылауға қатысуға және құрлықтың өзгеде мемлекеттермен ақпарат алмасу деңгейін жақсартуға септігін тигізеді.

Бірлесіп қаржыландыру туралы 2 млн доллардың келісім шартына қол қоя отырып Е.Ыдырысов, Қазақстан Оңтүстік-Оңтүстік серіктестігіне үлкен мән береді және африкалық құрлықтың дамуына өз үлесін қосуға тырысуда,  деді.

Дәл сол күні Е.Ыдырысов бірқатар мемлекеттердің сыртқы саясат ведомствосы басшыларымен екі жақты кездесулер өткізді. Атап айтқанда, Намибияның сыртқы саясат ведомствосының басшысы  Нетумбой Нанди Ндайтвамен, Кипрдан – Иоанис Касулидиспен, Албаниядан – Димитр Бушатимен, Барбадостан – Максин МаКлинмен және Малавиден – Джордж Чапондамен кездесті. Тараптар екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылап, жаһандық қауіпсіздік проблемалары туралы пікір алмасты. 




Яндекс.Метрика