ҚР Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

БҒМ ҰБТ-ны өткізу технологиясына өзгертулер енгізеді

Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) сұрақтар мазмұны және тестілеу өткізудің технологиялары тұрғысынан өзгертулер енгізіледі, деп хабарлады білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов ҚР Үкіметі отырысында.
Астана қаласы29 Қазан , 18:20

«Біріншіден, тесттердің мазмұны қайта қаралады. Тесттер базасындағы талаптарға сәйкес келмейтін сұрақтар жойылады. Екіншіден, тестілеу технологиясы өзгертіледі. Компьютерлік тестілеуді енгізу нәтижеге субъектілік факторлардың әсерін төмендетуге мүмкіндік береді», - деді А.Сәрінжіпов.

Бұдан өзге, министр бір жыл ішінде тестілеуді қайта тапсыру мүмкіндігін енгізу бойынша мәселелерді пысықтау жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Ведомство басшысы атап өткендей, аталған өзгертулер аясында толық жауаптар мен шешімдерді талап ететін жаңа буын тестілерін апробациялау және енгізу жоспарланған. Сонымен, ұлттық тестілеуді білімін бағалаудан құзіретін бағалауға көшіру жүзеге асырылады. 


«Тестілеуді қолдану түлектердің білімін бағалайтын құрал болып қана қоймай, оқушыларды оқыту траекториясын және 12-жылдық бейіндік мектепке көшуді анықтауға көмектеседі», - деп қортындылады министр.

 




Яндекс.Метрика