Халықаралық интеграция

Н.Назарбаевтың Нью-Йорктегі баяндамасы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес өкілдеріне сайлау кезінде әсер етуі мүмкін

Н.Назарбаевтың Нью-Йорктегі баяндамасы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес өкілдеріне сайлау кезінде әсер етуі мүмкін, деді Ресей СІМ ХҚММИ Сарапшылық орталығының директоры Андрей Казанцев ҚСЗИ-де өткен дөңгелек үстел барысында.
Астана қаласы29 Қыркүйек , 17:43

«ҚР Президенті Н.Назарбаев  Қауіпсіздік  Кеңесінің тұрақты емес  мүшелігіне Қазақстанның  қатысуы жолында мықты баяндама жасады. Барлық бастамалар мен әзірлемелер Қазақстанның  Қауіпсіздік Кеңесіне қосатын үлесін нақты айтып берді. Бұл орайда баяндама сайлауға әсер етуі мүмкін», - деді А.Казанцев.

Екінші маңызды сәт, сарапшының айтуынша, ҚР Президенті Қазақстанды  тұрақты әрі инвесторларға  экономикалық  тартымды, дамыған институттары бар ел ретінде таныстырды.

А.Казанцев айтып өткендей, бұл Қазақстанның экономикалық дамуы үшін маңызды оқиға. «Қазақстан – сыртқы саясаты тұрақты, геосаяси дауларға араласпайтын тұрақты дамыған мемлекет. Сондай-ақ, Қазақстан инвесторлар үшін өте тартымды ел болып саналады», - деді сарапшы.

Өз кезегінде ҚСЗИ директорының орынбасары Санат Күшкімбаев атап өткендей, Қазақстан өзін 2017-2018 жылдарға Қауіпсіздік Кеңестің тұрақты емес өкілдігіне ұсынды, бұл БҰҰ мүшелігіне енген елдің халықаралық аренадағы беделі мен деңгейі өсе түсуімен байланысты.

«Тек қана халықаралық беделге ие  тұрақты дамыған елдер Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес өкілі бола алады. Қазақстан – біздің халықаралық ұстанымызды нығайтатын жақсы көрсеткіш. Экономикалық көзқарас бойынша халықаралық инвесторлардың, қаржылық-академиялық топтардың сенімін арттыра түседі.

Айта кетейік, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі 15 мүшеден тұрады, оның ішінде 5-і тұрақты болса, 10 тұрақты емес өкілдер.

Индира Кауметова

 




Яндекс.Метрика