Адами капитал

ҚСЗИ Нью-Йоркте өткен жалпысаяси дебаттарға сарапшылық талқылау ұйымдастырды

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты «БҰҰ Бас ассамблеясы: стратегиялық дебаттар» атты саррапшылар дөңгелек үстелін өткізді, БҰҰ Бас Ассамблеясының 70- сессиясы аясында 193 елдің мемлекет басшыларының жалпысаясаи пікірталасы талқыланды.
Астана қаласы29 Қыркүйек , 17:29

«Біздің көзқарасымыз бойынша қазақстандық көшбасшының сөйлеген сөзі аса қызығушылық тудырды. Меніңше, аудармашымен болған жайт  қатысушылар назарын одан әрі аудара түскен сияқты, себебі осыған дейінгі дебаттарға 30-40 елдің лидерлері қатысқан болатын. Әрине, барлық баяндамалар өзіне қаратты деп айтуға болмайды. Бірақ, қазақстандық лидердің сөйлеген  сөзі  БАҚ жариялауы бойынша және Google-дағы сұранымдар бойынша қоғамда аса ірі қызығушылық тудырғанын байқадық», - деді ҚСЗИ директоры Ерлан Қарин.

Сарапшылардың пікірінше, ҚСЗИ басшысы атап өткендей, Қазақстан басшысы ұсынған ұсыныстар стратегиялық мағынаға ие. «Олар ұзақмерзімді істердің қалыптасуына және 2045 стратегиялық жоспарын  әзірлеу мен БҰҰ кеңсесін Азияға ауыстыруға байланысты болды.  Бұл жерде кеңсенің ауыстырылу мәселесі емес, ҚР Президенті мұндай  ұсыныспен Азияда болып жатқан оқиғаларға тағы бір мәрте көңіл аудартқысы келді. Азияның әлемдік-жаһандық экономикалық және өзге үрдіске тигізетін рөлін меңзеді. Бұлжүзеге асты», - деді Е.Қарин.

Е.Қариннің айтуынша, дебаттар бүгінгі таңда ірі державалар өзекті салалар бойынша проблемаға душар  болып отырғандығын көрсетті.

Сондай-ақ, дөңгелек үстел барысында Сириядағы оқиға , халықаралық лаңкестік, тұрақты дамуының басты мақсаты, Еуропадағы мигранттағы дағдарыс, климаттың өзгеруі  талқыланды.

Шараға АҚШ, Ресей және Еуропа  сарапшылары мен қазақстандық зерттеу институтының үздік өкілдері қатысты.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика