Қазақ хандығына 550 жыл

Астанада республикалық «Этно-fashion» фестивалі басталды

Астанада Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған республикалық «Этно-fashion» фестивалі басталды, деп хабарлады ҚХА-ның ресми сайты.
Астана қаласы29 Қыркүйек , 19:58

Фестиваль аясында «Асыл қазына» қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу дәуірлеріндегі ұлттық киімнің нобайлық (эскиздік) жобаларының көрмесі мен «Ата өнері - ұрпаққа мұра» қолдан жасалған бірегей тауарлардың жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Сонымен қатар іс-шара бырысында этнопедагогика бойынша «Тіл – достықтың алтын көпірі»; «Ертегілердегі ел даналығы: оқытамыз және бірге оқимыз»; «Қазақ ұлттық киімінің философиясы» тақырыптарына арналған «Халық даналығының қайнары» атты ашық сабақтар өткізілді.

 Этнопедагогика бойынша өткен ашық сабақтарды ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия жанындағы Сараптамалық кеңестің хатшысы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ф.ғ.к. - Әлпейісова Камал Әбілқасымқызы (Астана қаласы), Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы директорының орынбасары, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры,  Қазақстан халқы Ассамблеясы ҒСК мүшесі, ф.ғ.д. - Шаймерденова Нұрсұлу Жамалбекқызы (Астана қаласы), Қазақстан қолөнершілері одағының төрайымы, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі - Бекқұлова Айжан Әбдіманапқызы (Алматы қаласы) жүргізді.

 

Фестиваль бірінші бөлімінің соңында Қазақстанның танымал дизайнерлері шеберлік сабақтарын өткізіп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушылар дизейнерлерге сұрақтар қойып, пікір алмасты, сондай-ақ, дизайнерлер мен іс-шара ұйымдастырушыларына шексіз алғыстарын білдірді.

«Батыр» балалар мен жасөспірімдер клубының жетекшісі Айымбетов Қанат Ыбырайұлы «Асық ату» тарихына тоқталып, балалар арасында «Алты ату» ұлттық ойынын өткізді. 




Яндекс.Метрика