Қазақ хандығына 550 жыл

«Ұлы дала елі» экспедициясы Қарқаралы қаласына келді

«Ұлы дала елі» республикалық тарихи-мәдени экспедициясы Қарқаралы қаласына келді, деп хабарлады ҚХА-ның ресми сайты.
Қарағанды29 Қыркүйек , 19:13

Қарқаралы – ол Қарағанды облысының ғана емес, сонымен қатар күллі Қазақстанның мақтанышы. Қала атауы қыздардың бас киімі – қарқарадан шыққан. Алыстан қарағанда Қаланың тұрпаты аталмыш бас киімнің үлгісіне ұқсас болып келеді.

Қарқаралы тарихы ұлы ақын Абай Құнанбаевтың атымен тығыз байланысты. Оның әкесі, аға сұлтан Құнанбай қажы 1851 жылы Қарқаралы округінде мұсылман мешітін тұрғызған. Бүгінде бұл мешіт тарихи құндылық болып табылады.  Ал, Ұлы Абай өмір сүрген үй қайта қалпына келтіріліп, онда Мәди Бапиұлы атындағы өнер мектебі ашылды. Мұнда экспедицияны жас өнертанушылар қарсы алды. Арнайы қонақтардың келуіне орай олар музықалық тарту жасады: халық әндерін орындап, ұлттық аспаптарда ойнады. Экспедиция мүшелері жас әртістердің өнеріне риза болды.

Қарқаралы – ұлы қазақстандықтардың отаны. Онда халық компазиторы, ақын Мәди Бапиұлы өмірге келген. Мұнда ақынның құрметіне ескерткіш қойылған.

Бұдан кейін экспедиция қатысушылары жергілікті халықпен кездесіп, бұл сапардың мақсаты мен міндетін түсіндірді. Жалпы, Қарқаралы ауданы бойынша экспедиция бағыты өте ауқымды болды.

Айта өтейік, келесі бағыт – Теміртау қаласы. 

 

 




Яндекс.Метрика