Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Қазақстан мен Қытай инженерлік ғылым саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

KAZENERGY X Еуразиялық форумы аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясы мен Қытай Халық Республикасының Инженерлік академиясы арасында ынтымақтастық туралы меморандум орнатылды.
Астана қаласы29 Қыркүйек , 15:31

Келісім екі елдің инженерлік ғылым мен технология саласындағы серіктестігін қарастырады. Дәлірек атасақ, мамандардың тәжірибе алмасуы, ИНТ салалары бойынша байланыс орнату. Келісімге сәйкес Қазақстан мен Қытай академиялары энергетика мен қоршаған орта саласында бірлескен зерттеулер, конференциялар  өткізетін болады.

Қазақстан тарапынан меморандумға ҚР Ұлттық инженерлік академия Президенті Бақытжан Жұмағұлов қол қойды. Қытай тарапынан – SINOPEC GROUP  Қытай мұнай және химиялық корпорация төрағасы, инженерлік академия академигі Ван Юй Пу  қол қойды.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика