Дамыған 30 елдің қатарына ену талаптар мен көрсеткіштер

ҚР-ның ӨСАБ-қа қосылуы мемлекетіміздің әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену жолында қосар үлесі зор – депутат

Қазақстанның Өндіру саласының ашықтығы бастамасы (ӨСАБ) стандартына қосылуы мемлекетіміздің әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену жолында қосар үлесі зор, деп хабарлады ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айгүл Соловьева Астанада X KAZENERGY Еуразиялық форумы аясында өтіп жатқан Қазақстанда өндіру саласының ашықтығын дамыту бастамасы бойынша VII халықаралық конференциясында.
Астана қаласы29 Қыркүйек , 16:19

«Қазақстан үшін ӨСАБ-қа қатысу ел алдында тұрған стратегиялық міндеттерді жүзеге асыруда барынша ашық есепті жасақтауда керек. Болашақта ашықтық бастамасына қоғамның өндіру компанияларының әлеуметтік және экономикалық төлемдерін бөлуге атсалысуын қосса болар еді», - деді А. Соловьева.

Оның айтуынша, Қазақстанның ӨСАБ стандартына қосылуы мемлекетіміздің әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену жолында қосар үлесі зор.

«Еліміздің әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатырына ену жолында  ӨСАБ стандартының қосар үлесі зор. Себебі ол табыстылықтың орталық және жергілікті деңгейде ашық болғанын қалайды. Бастысы бұл салада Үкіметтін нақты белгіленген бағыты бар және ол қоғамның сеніміне оң әсерін тигізгені маңызды», - деді депутат.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика